Алматыда техникалық қызмет көрсету ғимаратынан шыққан өрт сөндірілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда техникалық қызмет көрсету ғимаратынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық өрт сөндірушілер Жетісу ауданындағы Павлодарская көшесінде орналасқан бір қабатты ТҚС ғимаратындағы өртті сөндірді.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың тоқтап тұрған автокөліктерге тарау қаупі жойылды. Жеңіл автокөлік қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды. Сондай-ақ бір газ баллоны эвакуацияланып, бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, 80 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілген. Өрті сөндіруге үздіксіз су беру жұмысы қамтамасыз етіліп, бірнеше су оқпаны берілді.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасөспірімдер қауіпсіздігі бойынша кеңейтілген жиын өтті

Новости партнеров