Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS қосымшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматының Наурызбай ауданында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр