Алматыда ТЖМ құтқарушылары тауда жоғалған екі жасөспірімді тапты

02.08.2026 12:19

Оларға медициналық көмек қажет болмады

Аlmaty.tv

Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құтқарушыларға тауға шығып, қайта оралмаған екі жасөспірім туралы хабарлама келіп түскен. Хабарлама түскен бойда құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Таулы аймақтың ерекшеліктері ескеріліп, жасөспірімдер жүруі мүмкін бағыттар толықтай тексерілді. Жедел жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдер Қарасай ауданы аумағындағы Турист шыңының маңынан табылды.

Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлауды, жақындарыңызға қайда баратыныңызды және қашан оралатыныңызды хабарлауды, ұялы телефонды толық қуаттап алуды және ауа райы жағдайын ескеруді еске салады.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 2026 жылдың тамыз айында қалай демалады

Теги: Алматы ТЖМ