Алматыда әуежай құрылыс алаңындағы оқиғадан кейін тексеру жүргізіледі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Егер заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға қатысты қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қабылданады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы халықаралық әуежайының аумағында болған оқиғаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерден кейін Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 11 маусымда құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары, атап айтқанда құбырлар құлаған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.

Қазіргі таңда басқарма оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті материалдарды жинақтап жатыр. Кейін олар жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін прокуратура органдарына жолданады.

Жоспардан тыс тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының ұйымдастырылуы заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады.

Егер заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға қатысты қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Оқи отырыңыз: Ел тарихында алғаш рет: Қазақстанда әкімшілік рақымшылық енгізіледі

Новости партнеров