Ел тарихында алғаш рет: Қазақстанда әкімшілік рақымшылық енгізіледі

Санжар Әділов 16 мың 500 адамға амнистия жасалатынын жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұған дейін рақымшылыққа іліккен азаматтарға бұл жолы жеңілдік қолданылмайды. Мұндай ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Санжар Әділов 16 мың 500 адамға амнистия жасалатынын жеткізді. Сөзінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында бұл шара 1,5 мың күдіктіге қатысты қолданылады. Сонымен қатар тергеу изоляторларында отырған 166 адам босатылады. Қылмыстық-атқару жүйесі бойынша рақымшылық жалпы 15 мың адамды қамтиды. Олардың ішінде шамамен 1500 сотталушы түзеу мекемесінен босатылады. Ал жазасын өтеп жатқандардың мерзімі қысқартылады.

«Зорлық-зомбылық қылмыстарды жасаған тұлғаларға амнистия қолданылмайды. Себебі бұл новеллалар. Сонымен қатар оның ішінде сталкинг, некеге мәжбүрлеу, дропперлер бар. Осы қатарда отбасылық зорлық түрлері амнистия қолданатын тізімге кірмейді», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау, адам өлтіру, мемлекетке опасыздық жасау және өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған адамдарға қолданылмайды. Заң жобасының басты жаңалығының бірі – ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылықтың енгізілуі. Оған сәйкес, заң күшіне енген күнге дейін төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар азаматтар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен заң консультанттары әкімшілік жазадан босатылады. Бүгін Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады. 

«Сонымен қатар залалы өтелмеген, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған және ауыр қылмыст, аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталған тұлғаларға жазаның өтелу мерзімін қысқарту заңда көзделіп отыр», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Қадырбек.

Оқи отырыңыз: Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Новости партнеров