Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы белгілі болды

06.10.2025 18:10

Оқыс жағдай 2 күн бұрын болған

Almaty.tv

Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы белгілі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы айдын-күннің аманында биіктен құлап, ауыр жарақат алған жігіттің денсаулығына қатысты мәлімдеде жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Хабарламада оның жағдайы орташа ауыр екені, мультидисциплинарлық дәрігерлер тобының тексеруінен өтіп, қажетті ем алып жатқаны айтылған.

Сарбаз профильдік бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Емдеу процесі Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сай жүргізілуде.

Есте болса, оқыс жағдай 2 күн бұрын болған. Бұған дейін жауаптылар Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің үшінші қабаттан секіріп кетуіне жақын туысының өмірден өтуі себеп болғанын айтқан.