Кеш аясында «Ұстазым, саған мың алғыс!» атты арнайы көрме ұйымдастырылды
Алматыда Ұстаздар күніне орай 300 ардагер педагогке арнайы құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға Қазақстанның Еңбек Ерлері Аягүл Миразова мен Гүлжанар Нұрпейісова қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеш аясында «Ұстазым, саған мың алғыс!» атты арнайы көрме ұйымдастырылып, білім саласының даму тарихы таныстырылды. Іс-шара барысында Білім басқармасының өкілдері ардагер ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
– Еліміздің болашағы мен келешегі – ұстаздардың қолында. Өйткені жас ұрпақтың тәрбиесі мен білімі оларға сеніп тапсырылған. Ұстаздарымыз үлкен жетістіктерге жете берсін. Біздің еңбек жолымыздағы жақсы жетістіктеріміз кейінгі буынға жұғысты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді ҚР Еңбек Ері Аягүл Миразова.
Рухани кеш өнерпаздар дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.