№ 23 емханада бүгінде 46 мыңнан аса тұрғын тіркелген
Алматыда үздік тәжірибе орталығы ашылды. Халық пен медицина қызметкерлері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жоба халықаралық стандарттарға негізделген, деп хабарлайды Almaty.tv.
№ 23 емхана базасынан құрылған орталықта науқастарға кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Елде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша ашылып жатқан мұндай алаңдар инновациялық технологиялармен қамтылған.
"Халық кеңесін аштық. Бұл – тұрғындармен, денсаулық сақтау басқармасы және емхананың қызметкерлерінен құралған қосылған ұйым. Үш айда бір рет жиналамыз, жан-жақтан мәселелер қаралады", – деді № 23 қалалық емхананың директоры Сәуле Әшен.
Он бір жыл бұрын ашылған № 23 емханада бүгінде 46 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Үздік тәжірибе орталығында өзге ұйымдардың қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмекті оқытатын тренинг залы да қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Республика күні: алматылықтар дрондар шоуын тамашалайды