Студенттер өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды
«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы қоғамдық даму орталығы мен Алматы автомобиль жол колледжі бірлесіп «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта бірқатар бастапқы жұмыс аяқталған.
Кездесуге Алатау аудандық отбасылық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы полиция майоры Жанаддин Әбдімомынов, Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Батырхан Расылхан қатысты.
Іс-шарада интернет-алаяқтық, киберқылмыс, жеке деректерді қорғау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік міселелерін түсіндіріліп, құқықтық мәдениет пен әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінің маңыздылығы аталды.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп » идеологемасының мәні, оның бүгінгі қоғамдағы орны мен референдумға шығарылған Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында көрініс тапқаны атап өтілді.
Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр