Референдумға дейін:
23
күн
18
сағат
25
минут

Алматыда «Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасы таныстырылды

Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы, Масалим А.
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы, Масалим А.

Жастармен ашық диалог және құқықтық жауапкершілік мәселесі талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығымен бірлестікте «Заң және тәртіп: қоғам талаптары» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның ашылу салтанатында университет ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы құттықтау сөзін сөйледі.

Кездесуге қатысқан спикерлер:

  • Ақылжанова Ләззат Төкенқызы — Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының жетекшісі;
  • Саймасай Ерназар Болатжанұлы — Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры
  • Тоқтарбеков Рустам Бейсенғалиұлы — киберқылмысқа қарсы іс-қимыл баскарамасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты

Кездесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, киберқылмыспен күрес, интернет және цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жаңа Конституция аясында «Заң мен тәртіп» қағидасына ерекше назар аударылып, жастарды құқықтық ағарту жұмыстарына белсенді тарту мақсатында Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасын таныстырды. Жоба қазіргі таңда Алматы қаласында іске қосылып, жүзеге асырылуда.

"Заң мен Тәртіп билейтін, Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру - біздің ортақ мақсатымыз", - деп атап өтті сарапшылар.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық индустрия және экспорт орталығында жаңа Конституция жобасы талқыланды
 

Новости партнеров