Алматыда заңсыз кеңсе құрылысына тосқауыл қойылды

Жер телімі халық игіліне беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алмалы ауданында заңсыз кеңсе салмақ болғандардың ісіне тосқауыл қойылды. Бүгін сот үкіміне сай, Қарасай батыр және Нұрмақов көшесінің қиылысындағы алаңқайда тұрғызылған қоршау бұзылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындардың сөзінше, талап сақтамағандар наурыз айынан бері құрылыс жүргізуге талпынған. Маңайдағы ағаштарды рұқсатсыз кесіп, аумақты иемденген. Бірақ көпшіліктің өтініші негізінде бұл жағдайға жауапты мамандар араласыпты. Заңсыздықтың бары анықталып, іс сотта қаралған. Ал одан кейін жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарылды.

«Сот шешімі шілде айында шықты. Оған уақыт берілді. Өкінішке қарай, ол келген жоқ. Екі мәрте айыппұл салынып, төленді. Заттарын алып кетуіне мүмкіндік беріледі», – деді қалалық мәслихат депутаты Бақытбек Жұмабаев.

Заңсыздықтың жолын кесуге қалалық мәслихаттың депутаттары, «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері, сот орындаушысы мен жергілікті билік өкілдері атсалысты. Мамандардың айтуынша, енді мемлекетке қайтарылған аумақта тазалық жүргізіліп, абаттандырылады. Жер телімі халық игіліне беріледі.

 «Бұл жерде кеңсесі бар екі қабатты нысан салынайын деп жатқан. Жауаптыларға дер кезінде айтып, тосқауыл болдық. Себебі, оның маңайындағы үйлерге қажетті электр, жылу жүйесінің барлығы осы жерден өтеді. Құрылыс жүреді деп, мұндағы ағаштарды да кесіп тастады, обал болды. Енді барлығы орнына келеді деп ойлаймын», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Вера Симонова.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да электр энергиясын заңсыз сатып келгендер анықталды

Новости партнеров