Алматыда жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті

19.03.2026 13:24

Әскер қатарына жаңадан қосылатын жастарға қажетті құрал-жабдықтар салынған арнайы сыйлықтар табысталды

Биыл көктемде Алматы қаласынан шамамен 2 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың алғашқы легі  50-ге жуық жас сарбазды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Тағылымды іс-шара Қорғаныс істері департаментінің қалалық жинақтау пунктінде ұйымдастырылып, оған мекеме басшылығы, жергілікті атқарушы орган өкілдері және болашақ отан қорғаушылардың ата-аналары қатысты. Салтанатты жиын барысында ардагерлер жас сарбаздарға жүрекжарды лебізін білдіріп, елге адал қызмет ету – әр азаматтың қасиетті борышы екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, әскер қатарына жаңадан қосылатын жастарға қажетті құрал-жабдықтар салынған арнайы сыйлықтар табысталды.

«Әскерге шақырылушы медициналық тексерілуден толыққанды өткізілді. Сонымен қатар олар моральдық психологиялық іріктеуден, тестілеуден өткен. Сондай-ақ олармен үгіт насихат жұмыстары, әскери патриоттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Біз олардың Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаратынына сенеміз», – деді қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Нұржан Естаев.

«3 ұлым бар, 6 қызым бар. Үйдің үлкені әскерге бірінші рет шығырып тұрмыз», – деді  Талғар ауданының тұрғыны Айжан Шанашова.

Оқи отырыңыз: Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды