Алматыда жастарға зорлық-зомбылық пен сталкинг үшін жауапкершілік түсіндірілді

13.02.2026 12:28

МУИТ-те студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (МУИТ) «Жеке бостандық құқығы: құқықтық негіздері және зорлық-зомбылық, сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік» тақырыбында студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесуге прокуратура органдарының, адвокаттық қауымдастықтың және заң саласының өкілдері спикер ретінде қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке бостандық пен жеке тұлғаның құқығының мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ зорлық-зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу әрекеттері үшін заңнамада көзделген жауапкершілік пен құқықтық қорғау тетіктері жөнінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында жеке бостандықты қорғаудың құқықтық аспектілері жан-жақты талқыланып, қолданыстағы заң нормалары мен құқыққа қайшы әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты жауап алды.

Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Оқи отырыңыз: «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы құрылды