Алматыда жасыл желектердің сапасын бақылау жұмысы қарқынды жалғасып жатыр

10.03.2026 21:57

Алматыда жасыл желектердің сапасын бақылау және жасыл қорды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Бұл мақсатта арнайы жоба әзірленіп, былтыр Алатау, Алмалы және Түрксіб аудандарында ағаштар мен бұталарға таксациялық тексерістер жүргізілген. Ал биыл қалған 3 ауданда санитарлық іс-шаралар жалғаспақ. Аталған жұмыстар ғалымдардың қатысуымен, әрі жерді қашықтықтан зондтау технологияларын қолдана отырып жүргізілуде. Жоба қандай нәтиже беруде? Шаһардың ғылым саласында қандай тың жаңалықтар бар?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы пәнаралық ғылым орталығының директоры Қуантар Әлиханов жауап береді.