Тергеу мәліметінше, күдіктілер әртүрлі сылтаумен зейнеткерлердің үйіне кірген
Алматыда полиция зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері зейнет жасындағы азаматтардың пәтерлерінен ұрлық жасағаны үшін күдікке ілінген екі әйелді ұстады. Тергеу мәліметінше, күдіктілер әртүрлі сылтаумен зейнеткерлердің үйіне кірген. Бір оқиғада олар өздерін кітап таратушылар ретінде таныстырған.
Пәтерге кірген соң, үй иесін су алып келуді сұрау сияқты сылтаумен алаңдатып, сол сәтте зейнеткердің жиғандарын ұрлаған. Осындай оқиғалардың бірінде олар 4 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қолды еткен.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қандай жігіттерді әскерге алмайды