Алматыда жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

04.09.2026 11:18

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады

Мемлекеттік кірістер комитеті

Алматы қаласында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер және мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында кредиторлардың банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен өзара іс-қимылы, қаржы ұйымдарының қарыз алушылардың төлемдері туралы ақпаратты уақтылы әрі дұрыс ұсынуы, азаматтар банкрот деп танылғаннан кейін олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ кредиторлар талаптарын жолдаудың белгіленген мерзімдерін сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін цифрландыру мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық мәселелерді шешу және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарымен алмасты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Толық көрсету