Алматыда жер сілкінісі болды

12.08.2026 12:34

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ

Depositphotos.com

 

2026 жылғы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сейсмикалық оқиғаны ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Алматы қаласында жер сілкінісі 2 балл деңгейінде сезілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде бірнеше қарапайым қауіпсіздік шарасын сақтауға кеңес береді:

  • үрейге берілмеңіз;
  • жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • жиһаз бен терезеден аулақ тұрыңыз;
  • жасырынатын қауіпсіз орын табыңыз. Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрыштарын паналауға болады;
  • төменгі қабатта болсаңыз, мүмкіндік болған жағдайда ғимараттан шығыңыз. Көпқабатты үйден жер сілкінісі аяқталғаннан кейін шығу қажет;
  • ғимараттан шығар алдында мүмкіндігінше су, газ және электр қуатын өшіріңіз;
  • алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін өзіңізбен алыңыз;
  • электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз;
  • жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екенін ескеріп, сақтық шараларын сақтаңыз;
  • қарт адамдарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.

Оқи отырыңыз: Өкпе обырын ерте анықтауға жаңа мүмкіндік: Қазақстанда жаңа скрининг басталды

Толық көрсету