Алматыда жас суретшілердің көрмесі өтті

Суретшілердің еңбегін мәдениет саласының үздіктері, кескіндеме өнерінің қайраткерлері бағалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жас суретшілердің көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 және Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Көрмеде қаладағы өнер колледждерінің үздік 10 студенті жұмысын көпшілікке таныстырды. Олар композицияларында филармонияның интерьері мен экстерьерін бейнелеп, өзіндік көзқарасын айшық көрсеткен.

Атап өтейік, суретшілердің еңбегін мәдениет саласының үздіктері, кескіндеме өнерінің қайраткерлері бағалады.

«Сурет салып жатқан балалардың көзінде от бар, өнерге қызығушылық танытып отыр. Олар іс-шараға қатысып, белсене арласып жүргеніне қуанып жүр. Мақсатымыз да  –  сол, әр қатысушыдан 3 суреттен алып, көрмеге қойдық. Ұстаздар, суретшілер талқылайды», – деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ақан Әбдуәлиев.

«Көрмеде жас түлектердің жұмысын көріп тұрмыз. Туындылар суреттің маңызын, өнердің ішкі құдіретін көрсете алады. Сурет салу үшін 4-5 сағат кетті», – деді студент Әлмира Серік.

Оқи отырыңыз: Қазақстан балалары: Түрксіб ауданында сурет байқауы өтті

 

Новости партнеров