Бұл – медиа саласындағы кадр даярлау мәселесін шешуге бағытталған алғашқы республикалық шара
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде болашақ мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Медиаиндустрия және білім беру серіктестігі: кадр даярлау мәселелері» атты іс-шараға еліміздегі жетекші телеарналар, баспа және PR ұйымдарының өкілдері қатысты. Студенттер ұсынылған вакансиялармен танысып, кәсіби мамандармен тікелей сөйлесіп, тағылымдамаға өтініш берді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай форумдар жастардың кәсіби жолын айқындауға мүмкіндік береді. А
Айта кетейік, бұл – медиа саласындағы кадр даярлау мәселесін шешуге бағытталған алғашқы республикалық шара.
«Жұмыс берушілердің қандай сұранысы бар, талаптары қандай, олардың қалаулары қандай деген сауалға жауап беру үшін бүгінгі форум өткізіліп отыр. Бакалавр аясында 10 мамандық бойынша оқытып жатырмыз ғой. Журналистика факультетіне сұраныс өте зор. Жұмыс берушілермен меморандумға отырып жатырмыз. Осы меморандум аясында тікелей жұмыс жасайтын боламыз», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 16 мектепте 37 сынып қашықтан оқытуға ауыстырылды