Алматыда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді

08.08.2026 09:34

Арнайы рейд нәтижесінде 1,7 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Аlmaty.tv

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 789 дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының прокуратурасының хабарлауынша, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 186 өрескел құқықбұзушылық тіркелді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:

  • өлік құралын масаң күйде басқару – 13 дерек;
  • көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік құралын басқаруы – 1 дерек;
  • жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 3 дерек;
  • маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки») – 61 дерек;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 69 дерек;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу – 10 дерек;
  • көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 29 дерек.

Сонымен қатар, 56 көлік құралы мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

Оқи отырыңыз: 8 тамызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Толық көрсету