Азамат ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды
Алматыда жүк көлігі ер адамды қағып өлтірді. Жазатайым жайт Алмалы ауданында, Райымбек даңғылы мен Розыбақиев көшесінің қиылысында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші оны байқамай қалған. Азамат ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Полиция департаментінің дерегінше, бұл - соңғы бір ай көлеміндегі дәл осы қиылыста тіркелген екінші жол апаты.
«Қазіргі таңда дерек бойынша анықтау басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық істі қозғап, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындады. Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек7
Оқи отырыңыз: Ақтауда көлік жол үстінде өртке оранды