Алматыда отбасындағы зорлық-зомбылық деректері азаймай тұр. Қазір қолданыстағы заңнама «агрессорларды» қайғылы жағдайдан кейін ғана жауапқа тартады. Оның өзінде, әлсізге әлімжеттік көрсеткен жазадан сытылып кетіп жатады. Ал жәбір көрсетудің алдын алуға бағытталған бастамалар әзірге нәтиже бермей отыр. Аталған жағдайды реттеу мақсатында шаһарда агрессорлармен жұмыс істейтін жаңа түзету бағдарламасы жасалған. Ол қалай жүзеге асып жатыр? Тиімділігі неде?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов жауап береді.