Алматыдағы Алмалы ауданы қалай өзгеріп жатыр

24.07.2026 21:29

Жобаға енген 60 үйдің бесеуі толық аяқталған

Almaty.tv

Алматының тарихи орталығы жаңа келбетке ие болады. Алмалы ауданында тұрғын үйлердің қасбеті бірыңғай қалалық дизайн-кодқа сәйкес жаңартылып жатыр. Мұндағы үйлердің сырты соңғы рет 2018 жылы жөнделген. Ал қазір ғаимараттың бірінші қабаты төзімді гранитпен сыланса, екінші қабаттан жоғары қарай жеңіл әктаспен әрленуде. Бүгінде жобаға енген 60 үйдің бесеуі толық аяқталған екен.

Назарбаев даңғылы мен Шевченко көшесінің бойындағы үйлердің іргесі 1959 және 1964 жылдары қаланған. Іргетасы бетонмен, ал қабырғасы қалың кірпішпен соғылған баспананың сапасы сыр бермеген. Десе де қазір үйлердің қасбеті бірыңғай қалалық дизайн-кодқа сәйкес жаңартылып жатыр. Аудан әкімі наурыз айында тұрғындармен ақылдасып, қандай материалдар қолданылатыны жөнінде келісім жүргізген. Жаңғырту жұмыстары кезінде заманауи урбанистикалық талаптарға сай сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл жарық ғимараттардың тарихи ерекшеліктерін айқындап, кешкі уақытта көз тартарлық көрініске ие болады.

«Тұрғындар бұл жобаны күтті. Себебі бұған дейін төменгі жақтағы үйлер жөнделген болатын.Ортақ келісімнен кейін хаттама рәсімделіп, қол қойылды. Құжаттар әкімдікке тапсырылған соң, жөндеу жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, шатырға мұз қатуына жол бермейтін жылытқыш кабель төселеді. Алматыда қыс мезгілінде мұз сүңгілерінің түсуі – үлкен мәселе. Сондықтан мұндай жүйенің орнатылуына ерекше қуанып отырмыз. Оның үстіне бұл – қомақты қаржыны қажет ететін жұмыс», – деді Мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Елена Красновская.

Алмалы ауданындағы Панфилов көшесінің төменгі бөлігі де абаттандырылып жатыр. 1,7 гектар болатын аумақ ұзақ уақыт бойы жаңғыртылмаған. Бұл тұрғындар жасаған ұсыныс нәтижесінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы бекітілген. Алдағы уақытта 10 мың шаршы метр аумаққа көгал егіледі. 18 мың көпжылдық бұта отырғызылып, өсімдіктердің жақсы жерсінуі үшін автоматты және тамшылатып суару жүйесі де орнатылады.

«Панфилов көшесінің жоғары жағы 10 жыл бұрын жасалған. Жыл басында халық «жоба жасасаңыз» деп талап еткен. Енді кірістік. 18 мамырда басталған жұмыстардың бір бөлігі ғана қалды. Бір жарым аптаның ішінде жоба аяқталды», – деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.

Чайковский көшесінің Қазыбек биден Әйтеке би көшесіне дейінгі бөлігі жаңартылып жатыр. Мұнда 985 шаршы метр сапалы тас пен 250 шаршы метр асфальт жабындысы төселеді. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 400 метр кабель тартылып, 27 жаңа жарық бағанасы орнатылады.

«Қазіргі таңда бұл аумақта отырғыштар, жарық бағандары, көлеңкелі қалқалар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, брусчатка толығымен жаңартылды. Сонымен қатар асфальт төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 3 мың түптен астам бұта мен гүл егілді, олардың қатарында қуаңшылыққа шыдамды бұталар , гортензия және ырғай (дерен) бар», – деді Алмалы ауданы әкімі аппаратының Инженерлік және жол инфрақұрылымының бас маманы Мадияр Ибрагим.

 . Жергілікті тұрғындар автоматты суару жүйесіне, орындықтарға, жаңартылған балалар алаңына жоғары баға берді. «баттандырудан кейін аумақ адамдардың демалысы мен серуендеуіне әлдеқайда жайлы болмақ.

Айдана Шалқар, Ернат Болатбек

Оқи отырыңыз: Алматының тарихи орталығы жаңа келбетке ие болады