Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді

21.07.2025 11:55

Руслан Желдібайдің айтуынша, аталған жағдайға байланысты Президент әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді

Ақорда

Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, - делінген жазбада.

Руслан Желдібайдің айтуынша, аталған жағдайға байланысты Президент әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады. 

Оқи отырыңыз: Президент Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады