Дәрігерлердің айтуынша, енді мұндай диагностика мен оталар клиникада тұрақты түрде жасалады
Ауыр эпилепсияны емдеудің жаңа жолы. Алматыдағы балалар ауруханасында еліміздегі алғашқы 128 арналы бейне-электроэнцефалограф құрылғысы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа жабдық мидағы ауру ошағын дәл анықтап, күрделі оталарды нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл – дәрі көмектеспейтін ауыр эпилепсияны хирургиялық жолмен емдеуге жасалған үлкен қадам.
«Эпилепсия ошақтарын анықтауда медициналық бейнелеу технологияларының маңызы зор. Атап айтқанда, үш тесла, кей жағдайларда жеті тесла қуатындағы жоғары дәлдікті магниттік-резонанстық томография мидың құрылымы мен патологиялық өзгерістерін барынша егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді», – деді профессор Ульрих-Вильгельм Томале (Германия).
Бұл әдіс науқастардың тез сауығуына жол ашады. Дәрігерлердің айтуынша, енді мұндай диагностика мен оталар клиникада тұрақты түрде жасалады. Бұл тек эпилепсия емес, миында ісігі бар балаларға да дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
«Стереоэлектрод бойынша эпилепсиялық ошақты анықтау үшін ЭЭГ жүргізіліп тұрды. Бұл ЭЭГ видео-мониторинг арқылы да жүргізіледі. Жоғары технологиялы жабдық фармако-резисденттік көмекке көнбейтін эпилепсияның түрімен ауыратын науқастардың ошақты дәл анықтауға, хирургиялық емнің мүмкіндігін бағалауға өте үлкен жол ашып отыр», – деді № 2 балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Гүлмарал Сүлейманова.
Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында серуен мен демалысқа арналған жаңа орындар ашыла бастады