Жәрмеңкеде 1000-нан астам азық-түлік тауары ұсынылған.
Қала тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Алматыда «демалыс күнгі» жәрмеңкелері өткізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жәрмеңкеге Алматы қаласының, Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының өндірушілері қатысуда. Жалпы саны 305 жалға алушы тартылған. Оның ішінде: Алматы қаласы — 50, Талғар ауданы — 50, Іле ауданы — 60, Қарасай ауданы — 60, Жамбыл ауданы — 30, Еңбекшіқазақ ауданы — 30, Ұйғыр ауданы — 10, Шығыс Қазақстан облысы — 15.
Жәрмеңкеде 1000-нан астам азық-түлік тауары ұсынылған. Атап айтқанда: ет, жұмыртқа, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, шұжық өнімдері, бал және басқа да тауарлар.
Қазіргі уақытта жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша өткізіледі:
Сонымен қатар 9–10 мамыр Жеңіс күнін мерекелеу кезеңінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қосымша жаңа орындары ұйымдастырылады:
Оқи отырыңыз: «Вечерний Алматы» газетіне - 90 жыл: Алматы әкімі журналистерді мемлекеттік наградалармен марапаттады