Алматыда түнгі жарыстар мен қауіпті жүргізу деректеріне тосқауыл қойылды

polisia.kz
polisia.kz

Үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші көлігін сағатына 250 шақырымға дейін үдеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда түнгі жарыстар мен қауіпті жүргізу деректеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. Қалыптасқан ахуалды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция департаментінің саптық бөлімшелері күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Соңғы үш тәулік ішінде қала көшелерінде 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, олардың барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды. Нәтижесінде 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жүргізілген жедел-профилактикалық шаралар барысында қауіпті жүргізу, оның ішінде түнгі жарыстар ұйымдастыру деректері дер кезінде анықталып, жолы кесілді. Бұдан бөлек, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелді.

Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер өз құқықбұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазасыздық иллюзиясын қалыптастыруға тырысады. Алайда мұндай әрбір дерек құқық қорғау органдарының бақылауында: құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Соның айқын мысалы – Әл-Фараби даңғылында тіркелген оқиға. . Оның жеке басы жедел түрде анықталып, ұсталды. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделіп, сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қауіпті жүргізудің орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Новости партнеров