DronEd: Алматыдағы колледждердің бірінде дрондарды зерттейтін алаң ашылды

Мақсат – тілдерді, технологияны және инновациялық білімді біріктіру арқылы студенттер мен оқытушылардың мүмкіндігін кеңейту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы колледждердің бірінде су жаңа екі білім беру алаңы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біріншісі – қазақ, орыс, қытай, түрік және ағылшын тілдерін оқытатын халықаралық дайындық орталығы. Ал екіншісі –  дрондарды зерттеп, игеруге бағытталған «DronEd» алаңы. Мақсат – тілдерді, технологияны және инновациялық білімді біріктіру арқылы студенттер мен оқытушылардың мүмкіндігін кеңейту.

Ұйымдастырушылар «жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған бұл жобалар өзге мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, инженерлік біліктілікті арттырып, цифрлық дағдыларды жетілдіруге бағытталған» дейді. Салтанатты рәсім барысында бірқатар меморандумға қол қойылып, білім мен тәжірибе алмасу жөнінде уағдаластық жасалды.

Сондай-ақ білімгерлерді салалық бағыттар бойынша халықаралық сертификаттау мәселелері талқыланды.

«Қытай – әлем бойынша заманауи технологияларды, электромобильдер мен автокөліктерді жасауда көшбасшы мемлекет екені жасырын емес. Сондықтан студенттер аспан асты елінде білім алып, тәжірибе жинайды. Ал ақпарат алмасу үшін тілді білу маңызды», – деді Алматы көпсалалы колледжінің директоры Асылхан Бейсетбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана ашылды

Новости партнеров