Мекеме 63 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді
Алматыдағы №16 қалалық емхананы жаңғырту 75 пайыз аяқталды. Жарты ғасыр бұрын салынған нысанда күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қайта жаңғырту аясында негізгі 4 қабатты ғимарат, зертханалық корпус пен 3 қабатты «Б» блогы қамтылған. Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асатын нысанда тірек конструкциялары нығайтылып, ғимараттың сейсмикалық төзімділігі арттырылып жатыр. Сонымен қатар инженерлік желілер толық жаңартылып, электр жүйелері жаңа талаптарға сай жөнделуде. Емханада ерекше қажеттілігі бар жандар үшін қолайлы орта қарастырылған. Аталмыш мекеме 63 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді.
Айта кетейік, шаһарда 10 нысанның құрылысы қатар жүріп жатыр.
«Жобаның мақсаты – заманға сай етіп сейсмокүшейту және күрделі жөндеуден өткізу. Сонымен қатар көптеген ғимараттың ішіндегі бөлмелер медициналық стандарпттарға сай келмейді. Сондықтан жоба оны қолайлы кеңістік ретінде қамтамасыздандыруды мақсат етіп табылады. Құрылыс жұмыстары аяталғаннан кейін Әуезов ауданының халқына заманауи талаптарға сай ғимарат пайдалануға берілетін болады», – деді құрылыс басқармасының бас маманы Әлішер Садыман.
Оқи отырыңыз: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келушілер саны артып келеді