Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінісі болды

16.05.2025 10:20

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген

Anastasia R./unsplash.com/

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер асты дүмпуі 16 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 05:12-де тіркелген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Оқи отырыңыз: Мас күйінде рөлге отырған БҚО тұрғыны өмір бойына көлік басқара алмайды