Алматыға пойызбен қатынайтындар саны миллионға жуықтады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

26 жұп пойыз жолаушыларға қызмет көрсетуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жазғы тасымал кезеңінде Алматы еліміздің негізгі теміржол тораптарының бірі болып есептеледі. Бұл бағытқа деген жоғары сұраныс жолаушылар ағынымен расталады. 2026 жылдың басынан бері Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Алматы бағыты бойынша 992 мыңнан астам жолаушы тасымалданды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағыты бойынша қатынайтын 26 жұп пойызға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 13 стандартты пойыз, 11 «Тальго» пойызы және 2 қала маңы бағыты бар.

Стандартты пойыздар
1. №21/22 Қызылорда – Семей — күн сайын
2. №23/24 Ақтөбе – Алматы — күн ара
3. №31/32 Павлодар – Алматы — күн сайын
4. №33/34 Ақтөбе – Алматы — күн сайын
5. №41/42 Атырау – Алматы — күн ара
6. №7/8 Алматы – Саратов — күн ара
7. №77/78 Алматы – Маңғыстау — күн сайын
8. №351/352 Алматы – Өскемен — күн сайын
9. №73/74 Алматы – Жезқазған — күн ара
10. №87/88 Алматы – Сарыағаш — күн ара
11. №113/114 Алматы – Қазан — аптасына 1 рет
12. №301/302 Алматы – Новосібір — күн ара
13. №221/222 Алматы – Достық — аптасына 3 рет

«Тальго» пойыздары
1. №1/2 Алматы – Ташкент — күн сайын
2. №3/4 Алматы – Астана — күн сайын
3. №9/10 Астана – Алматы — күн сайын
4. №11/12 Алматы – Шымкент — күн сайын
5. №25/26 Алматы – Шымкент — күн сайын
6. №27/28 Алматы – Орал — күн ара
7. №105/106 Алматы – Петропавл — күн ара
8. №119/120 Алматы – Қостанай — күн ара
9. №207/208 Алматы – Достық — күн ара
10. №211/212 Алматы – Достық — күн ара
11. №231/232 Алматы – Семей — күн ара

Қала маңы пойыздары
1. №6931/6932 Алматы – Сарыөзек — күн ара
2. №6985/6986 Алматы – Алтынкөл — күн сайын

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында электрондық кезек арқылы босаған орындарға билет сатып алуға мүмкіндік беретін «Күту парағы» қызметі жұмыс істейді. 

Оқи отырыңыз: Орташа жылдамдықты бақылау тағы бес жол учаскесінде іске қосылады