Референдумға дейін:
16
күн
1
сағат
24
минут

Алматылық ақсақалдар алқасы Конституция жобасына енгізілген өзгерістердің маңызын тарқатты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Халық кеңесі қоғамдық сенімнің берік тұғырына айналады». Бұл туралы Алматының Медеу ауданындағы ақсақалдар алқасы мен белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдерімен жүздескен сенаторлар мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сондай-ақ кездесу барысында олар Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен негізгі бағыттарды кеңінен таныстырып, оның ел дамуы үшін маңызын тарқатты. Ашық диалог форматында өткен жиында зейнеткерлер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірін ортаға салды.

 «Заңның үстем болуы –  халықтың арманы, тілегі. Бұл – тек қызмет істеп жүрген адамдар емес, үлкен-кіші, қарттар да құлағын түріп тыңдайтын, мән беретін өзгерістер. Елімізде заң мықты болмаса, халықты қорғай алмаймыз», – деді Медеу ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Гүлнар Төлегенқызы.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы белсенді зейнеткерлер еліміздің болашағына үн қосты

 

 

 

 

Новости партнеров