«Халық кеңесі қоғамдық сенімнің берік тұғырына айналады». Бұл туралы Алматының Медеу ауданындағы ақсақалдар алқасы мен белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдерімен жүздескен сенаторлар мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сондай-ақ кездесу барысында олар Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен негізгі бағыттарды кеңінен таныстырып, оның ел дамуы үшін маңызын тарқатты. Ашық диалог форматында өткен жиында зейнеткерлер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірін ортаға салды.
«Заңның үстем болуы – халықтың арманы, тілегі. Бұл – тек қызмет істеп жүрген адамдар емес, үлкен-кіші, қарттар да құлағын түріп тыңдайтын, мән беретін өзгерістер. Елімізде заң мықты болмаса, халықты қорғай алмаймыз», – деді Медеу ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Гүлнар Төлегенқызы.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы белсенді зейнеткерлер еліміздің болашағына үн қосты