Жиынға ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналары қатысты
Биыл «Әнші балапан» қоғамдық қорының құрылғанына 35 жыл толады. Осыған орай, Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Рухани кешке келгендер махаббат пен отбасылық құндылық тақырыбына негізделген «Қысқы көбелектер» фильмін тамашалады. Сондай-ақ ғимарат ішін аралап, қылқалам шеберлерінің үздік туындыларын көріп шықты. Одан кейін концерттік бағдарламаның куәсі болды.
Атап өтейік, мерейтойға арналған іс-шаралар легі әлі де жалғасын табады.
«Құрбан айтқа байланыстың ерекше балаларға, жалпы бұлдіршіндерге акция бастадық. Жоба Алматыдан басталып, Алматымен аяқталайын деп тұр. «Әнші балапан» қоры оныншы қараша күні құрылған, биыл 35 жыл толады, – деді қор өкілі Арзыгүл Изембаева.
Оқи отырыңыз: Алматы жастары ашық аспан астында тегін киноны қайдан көре алады