Foresta – еуропалық стандарттарға сай өнімерді қолжетімді бағамен ұсынатын Қазақстан нарығындағы санаулы компаниялардың бірі
Алматылық Foresta компаниясы өнімдерін халықаралық көрмеде таныстырды. Осымен 30-рет ұйымдастырылып отырған «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу» атты іс-шараға әлемнің 6 елінен 300-ден астам компания қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Foresta – еуропалық стандарттарға сай өнімдерді қолжетімді бағамен ұсынатын Қазақстан нарығындағы санаулы компаниялардың бірі. Таңдауда неміс фурнитуралары және итальяндық бояулар мен лактар, сәндік жабындар, ағаш шпондар және инженерлік жүйенің негізгі элементтері бар. Компания түстер үйлесімі және сәулетшілер мен дизайнерлердің сұранысына сай жұмыс істейді. Айта кетейін, Foresta – жетекші еуропалық брендтердің ресми өкілі.
«Біздің клиенттеріміздің басым бөлігі — ішкі есіктерді өндірумен айналысатын компаниялар. Олар бізден лактар, бояулар, ілмектер сатып алады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік мекемелермен тығыз жұмыс істейміз», – деді «Foresta» компаниясының сату жөніндегі директоры Руслан Зунунов
Компания ұсынатын озық өнімдердің бірі — әлемге танымал неміс бренді Simonswerk шығарған TECTUS ілмектері. Олар зәулім ғимараттарда, Бурдж-Халифадағы қонақүйде және Қазақстандағы мемлекеттік мекемелерде қолданылады. Бұл өнімдер сынақ зертханаларында толық тексерістен өтіп, интерьерге ерекше дизайн береді.
«Біз бірнеше жыл бұрын Италияда Foresta компаниясының иелерімен кездестік, сол кезде олар есік ілмектерімізге қызығушылық танытты. Бұл ілмектер есіктердің салмағына байланысты болады. Мәселен, 40 келіден 300-ге дейін. Foresta секілді серіктесіміздің көмегімен Орталық Азия, әсіресе Қазақстан нарығына өнімімізді таныстырып, кеңейтуді көздеп отырмыз», – деді Simonswerk Group компаниясының менеджері Грегор Янсен.
Foresta компаниясы уақыт өткен сайын кең ауқым алып келеді. Бүгінде Астана, Алматы мен Шымкент сынды ірі қалаларда өкілдіктері жұмыс істейді. Компания өкілдері «алдағы уақытта Қазақстанның өзге қалаларында да серіктестік желісін құру жоспары бар» дейді.
Гүлмарал Изатқызы, Владислав Иващенко, Хангелді Ахметханов