Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Алматылық өрт сөндірушілер жеке үйден шыққан өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қалалық ТЖД хабарлауынша, 112 пультіне Медеу ауданындағы Жукова көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына келген құтқарушылар үйдің 110 шаршы метр аумағында ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
"ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толық сөндіріліп, жалынның көрші үйлерге таралуына жол берілмеді. Үй иесі ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ өкілдері тұрмыстық өмірде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, электр сымдары мен тұрмыстық құралдарды уақытылы тексеріп отыруды ескертеді.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаңыз - полиция ескерту жасады