Президент алматылық мұғалім Татьяна Белоусованы құттықтады

28.01.2026 10:35

Химия пәнінің мұғалімі әлемдегі үздік педагогтер қатарына енді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

– Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ТОП-50 үздік мұғалімнің қатарына кірді, 

2025 жылы байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті. Қорытынды кезеңге білім беру саласына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен 50 педагог іріктелді.

Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.

Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 155 ақпан аралығында Дубай қаласында өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.

Қазақстандық педагогтің бұл жетістігі елдегі мұғалімдер даярлау жүйесінің сапасы мен білім беру саласының тұрақты даму деңгейін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты