Алматылық мектеп Оңтүстік Кореяның үздік университетімен ынтымақтастықты нығайтты

18.06.2026 21:37

№202 мектеп-гимназиясының 114 түлегі аттестат алды

Елімізде мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі жалғасып жатыр. Бүгін Алматыдағы Әуезов ауданында орналасқан № 202 мектеп-гимназиясының 114 түлегі құжатын қолына алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның ішінде алты оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 13-і білім ордасын «Үздік аттестатқа» тәмамдаған. Сондай-ақ 31 бала әлемдегі ең танымал ағылшын тілі тесті – IELTS тапсырып, жоғары нәтиже көрсетіпті.

«Бүгін –ерекше толғанысқа толы күн. Мектеп құжатымызды алып,үлкен өмірге қадам бастық. Осы жолда бізге көмек көрсеткен,білім берген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Мектебім – тек қана білім ғана бермей, тәрбие мен достықты қатар үйреткен алтын ұям», – деді  «Үздік аттестат» иегері Әлима Әділетқызы.¤

Одан бөлек, білім ордасы Оңтүстік Кореядағы үздік университеттердің бірімен меморандумға қол қойған. Оның аясында, мектеп түлектері жоғары білімін сонда жалғастырады. Соңғы 2 жылда 15 оқушы шекара асыпты. Ал биыл тағы 4 түлек Кореяға аттанбақ.

«Балаларымыз 7-8 айда Корей тілін толық меңгеріп, грант иегері атанып жатыр. Бұл –біз үшін үлкен мүмкіндік. Студент атанғаннан кейін студенттеріміз түске дейін сабақ оқиды, түстен кейін мамандығы бойынша практикалық жұмыс жасайды күніне 35 доллардан стипендия алып отырады», – деді № 202 мектеп-гимназиясының директоры Болат Жанайханұлы.

Оқи отырыңыз: Есірткіге жол жоқ: алматылық жастар нашақорлыққа қарсы ортақ ұстанымын білдірді