Олар халықаралық әлеуметтік жобалар арасында 2-орынды иеленген
Алматылық оқушылар лас ауадан сия жасап шығарды. Жобаның авторлары – 10 сынып оқушылары, дп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың экологиясына алаңдаған жастар бастаманы биыл қаңтарда қолға алыпты. Ең алдымен ауаның ластану деңгейін көрсету мақсатында бірегей әдіспен тұмша жинаған. Оны сүзгіден өткізіп, түтін мен шаң-тозаңды қатты күйінде бөліп алыпты. Кейін оған түрлі қосынды араластырып, қара сия жасап шығарған. Бүгінде оқушылар сол бояумен матадан жасалған сөмкелерді безендіріп жүр.
Айта кетейік, аталған жоба 8 елдің 350 стартапы арасында іріктеліп, халықаралық әлеуметтік жобалар арасында 2-орынды иеленген.
«Ең алғашында күйені алдық. Оған спирт, глицерин секілді заттарды қосып, жай ғана қаламсапқа сия жасадық. Ал одан кейін тағы күрделі қосылыстарды қосу арқылы матаға арналған сия мен тонерларды жасап шығардық», – деді Алматы-Наурызбай назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Аружан Советхан.
Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында тағы бір жасыл демалыс аймағы жаңартылып жатыр