Алматылықтар Бауыржан Момышұлын еске алды

Жиын батыр рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздікпен басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын батыр рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздікпен басталды. Одан кейін Шекара қызметі академиясының оркестрі әуезді әуенмен көпшіліктің көңілін тербеп, іс-шараның мән-маңызын аша түскен. Жиналған жұрт батыр рухына құран бағыштап, ел қорғаны болған өр тұлғаны ілтипатпен еске алды. Қатысушылар Момышұлын тек жауынгерлік өнердің шебері емес, терең ойлы психолог, парасат пен пайымның иесі деп бағалайды.

 «Бауыржан Момышұлы тілші де емеспін, жазушы да емеспін, мен психологпын деп келтіреді. 1941 жылдың өзінде Момышұлы Ұлы Отан Соғысында жауынгерлердің, солдаттардың, офицерлердің, қолбасшылардың психологиясын зерттегені. Шын мәнінде зерттеумен айналысқан адам дай, дәптерге жазып, түсіріп отырған», – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бауыржантанушы Мұхтар Қазыбек.

Оқи отырыңыз: Елде ипотеканың шекті пайыздық мөлшерлемесі төмендейді

Новости партнеров