Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

27.11.2024 15:43

Биыл тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толды

Биыл тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толды. Айтулы датаға орай Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында даңқты батырды еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концерттік бағдарламада Роза Рымбаева, Талғат Күзембаев, Дархан Жолдыбаев, Венера Алпысбаева, Фархат Көбеев сынды мәдениет майталмандары өнер көрсетті. Әуендер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.

"Қазақтың қаһарманы, кешегі фашизмді жеңген, тасты талқандаған, заманымыздың Қобыландысы дегендей-ақ, көзін көрген, батасын алған, азаматтар келіп отырмыз. Іс-шара Алматының төрінде қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр", – деді С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың төрағасы Махмұт Нәлібаев.

 Оқи отырыңыз: «Менің атым Қожа» фильмі қайта түсіріліп жатыр