Алматының №29 қалалық емханасында аудиологиялық скринингтік кабинет ашылды

12.12.2024 15:00

Бұл балаларда есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтауға бағытталған бірегей жоба

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматының №29 Қалалық емханасында аудиологиялық скрининг кабинеті ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл балаларда есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтауға бағытталған бірегей жоба. Мұндай маңызды іс-шара 2025-2026 жылдарға арналған «Мен естимін» пилоттық бағдарламасының бір бөлігі болды. Бағдарлама Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, сондай-ақ САТР Орталығы, «Пас Медикал» компаниясы және «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының қатысуымен жүзеге асырылды.

«Аудиологиялық скринингтік кабинет балалардың есту қабілетін ерте кезеңде диагностикалауға бағытталған, бұл - уақытында емдеу мен нәтижелі оңалту үшін өте маңызды. №29 емханада кабинет ашылғанға дейін, мұндай тексерулер №5 Қалалық клиникалық ауруханада келісім-шарт бойынша жүргізілген, енді диагностика Алатау ауданының тұрғындарына өз үйлерінің жанында қолжетімді болды», - дейді Ана мен бала денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Жадыра Ахметова.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда есту диагностикасы екі кезеңде ұйымдастырылған:
1. Бастапқы деңгей – жаңа туған нәрестелердің есту қабілетін өлшеу перзентханаларда жүргізіледі.
2. Екінші деңгей – емханаларда 1 жасқа дейінгі және 1-ден 3 жасқа дейінгі балаларда есту қабілетінен айрылу және саңыраулық қаупінің факторларын анықтау үшін дәрігерлер анамнез жинай отырып, амбулаториялық тексерулер жүргізеді. Қажет болған жағдайда балалар қалалық аудиология орталығына тереңдетiп тексеруге жiберiледi.


«Осы жоба аясында жақын арада және 4 медициналық мекемені жаңа жабдықтармен жабдықтау жоспарлануда: №3 перинаталдық орталық, №5 перзентхана, №10 және №36 Қалалық емханалар», - деп атап өтті Ж.Ахметова.


Аудиологиялық скринингтік кабинеттердің ашылуы балаларға арналған медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз, есту проблемаларын уақтылы анықтауды және балалар денсаулығы үшін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2050 жылға қарай 2,5 млрд. жуық адам есту қабілетінен айрылудан зардап шегеді, оның 700 млн. адамы оңалтуды қажет етеді. Алайда бұл жағдайлардың көбін уақтылы диагностикалау және емдеу арқылы алдын алуға болады.

Оқи отырыңыз: Маймылдар шабуылы: Вьетнамнан оралған тұрғындар шұғыл екпе салды