Алматының Алмалы ауданында 40 текше метрден астам қоқыс шығарылды

04.05.2026 16:22

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Әлия мен Мәншүк алаңы, аулалар мен көшелер тазартылды

Тазалыққа мән берілді. Алматының Алмалы ауданында өткен сенбілікте 40 текше метрден астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

400-ден көп адам қатысқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында Әлия мен Мәншүк алаңы, аулалар мен көшелер тазартылды.  Дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан іс-шараға 10-ға жуық техника жұмылдырылған.

«Негізінде комьюнити орталықтың жұмысы басталғаннан бері жастарымыз белсенді қатысуда. Енді осы жылдан бастап бастадық сенбілігімізді. Осы алтыншы сенбілігіміз қателеспесем осылай жылдың соңына дейін сенбілікті белсенді қатысуна насихаттап жылдың соңына дейін жақсы көрсеткіштер жасауға дайынбыз», – деді Алмалы ауданы комьюнити орталығының директоры Шәмші Құдайбергенов.

Оқи отырыңыз: Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды