Алматының жас ғалымдары конституциялық реформаларды қолдады

03.07.2026 12:37

Сарапшы сондай-ақ тарихи мұра мен ұлттық құндылықты сақтау елді дамытудың негізгі бағытының бірі екенін ерекше атап өтті

ӨКҚ Алматы

Балалар ғылым музейінің қызметкері, тарихшы Гүлдана Мәмбетова заңды жаңарту – мемлекеттің дамуының табиғи кезеңі әрі жаңа экономикалық және технологиялық сын-қатерге берілген жауап екенін айтады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, ғылымды, білім беру мен инновацияны дамытуға, азаматтардың цифрлық құқығын қорғауға, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған нормалардың маңызы ерекше.

«Конституция азаматтардың құқығын ғана бекітіп қоймай, әр адамның қоғам мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін де қалыптастырады», – деді.

Сарапшы сондай-ақ тарихи мұра мен ұлттық құндылықты сақтау елді дамытудың негізгі бағытының бірі екенін ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституцияда адам капиталына айрықша мән берілген