Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды
Орыс және ағылшын тілдеріне аударылған "Алпамыс батыр" жыры әлемдік деңгейге шығады. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынның басты мақсаты – эпостық жырды Түркі халықтарына ортақ құндылық ретінде материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу. Іс-шарада 12 елден келген эпостанушы ғалым бас қосты. ЮНЕСКО-ның қолдауымен 3 ұйым атсалысып, теориялық конференцияға бет бұрды. Қазақ қолжазбалары қорында сақталған "Алпамыс батыр" үлық ұлыс дәуірінен бастау алып, ұзақ әрі күрделі жолды басып өтті. Эпостық туындыдан қазақ батырлық жырының пайда болу, қалыптасу мен даму жолын айқын көруге болады.
"Алпамыс батыр" жырын жан-жақты талдау жасап, нәтижесінде халықаралық ЮНЕСКО тізіміне кіргізу жөніндегі шешімді қарастырамыз. Егер эксперттер қолдаса, оның маңызын ерекше деп танитын болса, жырдың сақталуына, келешектегі ұрпаққа жеткізуге байланысты, сондай –ақ оның қолдану аясын кеңейтуге арналған шешім қабылдаймыз, – деді М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.
"Халықаралық номицияларды бастап жатырмыз, алғашқысы – "Алпамыс батыр" эпосы. Алматыдағы білікті ғалымдар кездесіп отыр", – деді Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова.
Оқи отырыңыз: Рухани келісім күні: Алматыда діни бірлестіктер зорлық-зомбылықтың алдын алмақ