«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшының мәйіті табылды

24.09.2024 19:42

Қайғылы оқиға Жамбыл облысында 18 қыркүйекте болған

elements.envato.com

Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кенішінде қаза болған жұмысшының денесі 5 күннен соң табылды,деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазатайым оқиға «Алтыналмас» компаниясына тиесілі Ақбақай шахтасында болған. Компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Нұрдәулет Нұрмаханов есімді слесарь жерасты жұмыстары кезінде үйінді астында қалған. Аталған азамат кен орнында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келген. Қазір оқиғаға байланысты жұмыс тобы құрылып, оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.

 «Алтыналмас АК» АҚ оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің барлық міндеттемесін орындайды», – делінген хабарламада

Оқи отырыңыз: Атырауда қоқыс полигонындағы қалдықтардан ауру көбейіп жатыр