Амантай қажы әйел адамды не себепті итеріп жібергенін айтты

06.08.2025 12:42

Қажының айтуынша, әйел оны құшақтаған, ол қолын кері тартып алған, содан кейін әйел құлап қалған

стоп кадр

Әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деп айыпталған қоғам қайраткері, антиядролық қозғалыс белсендісі Амантай қажы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсақалдың айтуынша, сол күні таңертең ол спорт кешеніне жаттығуға келген. Сол жерде жапа шеккен әйелмен кездескен. Қажының айтуынша, әйел оны құшақтаған, ол қолын кері тартып алған, содан кейін әйел құлап қалған.

"Ол құлайын деп, мені жанына шақырғысы келді. Мен оны әйел адамның айласы деп ойладым да, тоқтамай, жаттығуға кетіп қалдым... Оны біреулер ақшаға сатып алған", – дейді Амантай қажы.

Ол бұл оқиғадан кейін ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді.

"Қылмыстық іс жоқ. Бұл маған қарсы жасалған арандату... Бұл – жемқорлық, маған мафия кек қайтарып жатыр", – дейді ақсақал.

Оқи отырыңыз: Техникалық реттеу саласындағы жаңа тәртіптер бекітілді