Ана-мен баланы қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр - Аида Балаева

10.05.2026 11:23

Премьер-министрдің орынбасары Аналар күнімен құттықтады

primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Аналар күніне орай қазақстандықтарға жүрекжарды құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министр бұл мерекенің мейірім мен махаббаттың, алғыс пен құрметтің символына айналғанын атап өтті.

«Жүрекке жылу ұялататын, мейірім мен махаббатқа, алғыс пен құрметке толы бұл мереке бізге өмір сыйлаған, ақ сүтімен әлдилеп, аялы алақанымен мәпелеген, шексіз сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арнаған асыл жандарға арналған»ғ - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ ол ана ұғымының қазақ қоғамындағы орны ерекше екенін айтты.

«Ана – әр адам үшін ең қымбат ұғым. Мейірімнің бастауы, ізгіліктің шуағы, отбасының берекесі мен ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі»ғ - деп атап өтті А. Балаева.

Құттықтауда қазақ дүниетанымындағы ана бейнесі қашанда қастерлі екені, аналардың даналығы мен мейірімі арқылы ұлттың рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқаны айтылды.

Бұдан бөлек, министр елімізде ана мен баланы қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау шаралары жетілдіріліп, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесі нығайып келеді. Сонымен қатар әйелдердің еңбек етуіне және кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасалып жатыр.

«Жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамалар қолға алынып, Отбасын қолдау орталықтарының желісі кеңеюде. Сонымен қатар он жылдан астам уақыт бойы консультативтік-кеңесші орган ретінде Аналар кеңесі де маңызды жұмыс атқаруда», - Премьер-министрдің орынбасары.

Құттықтау соңында Аида Балаева барлық анаға алғыс айтып, ізгі тілегін жеткізді.

«Аналарымыз аман, шаңырақтарымыз шаттыққа толы болсын! Анамызбен бірге өткізген әрбір сәттің қадірін терең сезіндіретін мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға жылулық, махаббат, береке-бірлік пен амандық тілеймін!»ғ - деді Аида Балаева.

Оқи отырыңыз: Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтеді