Анасы 2 жасар баласын сірке суымен өлтірмек болды

14.10.2024 11:31

Ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

elements.envato.com

Ресейдің Мәскеу облысында 26 жастағы әйел адам екі жасар сәбиін сірке суымен өлтірмек болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан азаматы үш ай бұрын баласымен бірге Мәскеу облысында көңіл жарастырып жүрген ер адамның үйіне көшіп барған. Алайда көп ұзамай белгісіз себептермен баласын өлтірмек болған. Осы мақсатта дүкеннен 70% сірке суын сатып алып, оны сәбиінің бөтелкесіне құйып қояды. Екі жасар баласы сұйықтықты ішкеннен кейін артынша өзі де ұрттап алады.

Ана мен бала ішкі ағзасын қатты күйік шалған ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Анна Данилина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді

Теги: сәби улану