Енді өзгені аңду немесе тұрақты бақылауда ұстау ресми түрде қылмыс болып саналады
Елімізде Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы өз күшіне енді. Бұл бап бойынша алғашқылардың бірі болып Құрманғазы ауданының тұрғыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрманғазы ауданының прокуратурасының хабарлауынша, С.К. есімді азамат өзінің құрбанын аңдымақ болған: 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің үйіне жүйелі келіп және терезесінен сығалаған.
Әйел шамадан тыс назарға шыдай алмай, құқық қорғау органына жүгінген.
"Әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген «ынтызардың» аңду әрекетін сот заңсыз деп танып және оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады", - делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың шілдесінен кез келген адамның еркінен тыс қарым-қатынас орнатуға тырысу (егерде бұл зиян келтірсе), тіпті аңдушы физикалық қол жұмсамаса да қылмыс болып саналады.
ҚР ҚК 115-1-бабының ең ауыр жазасы ретінде қамауға алу 50 тәулік, айыппұл 200 АЕК, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары көзделген.
Енді «романтикалық» түрде аңду немесе тұрақты бақылауда ұстау ресми түрде қылмыс болып саналады.
Оқи отырыңыз: «Бір ауыл – бір өнім» жобасы арқылы Алматыда қанша әйел бизнес бастады